Теміртаудағы өңіраралық форумда экологиялық мәселелер талқыланды
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында Теміртауда SAF AUA экологиялық бастамаларының II өңіраралық форумы өтті.
Қоршаған ортаны бақылаудың автоматтандырылған жүйесі, қалдықтарды қайта өңдеу, өнеркәсіптің энергетикалық трансформациясы, экономикаға жасыл технологияларды енгізу, экологиялық қысымды төмендете отырып, өндіріс көлемін қалай сақтау және ұлғайту туралы айтылды.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Жомарт Әлиев
Қазақстанның жаһандық бағдарламаларға қатысуы, сондай-ақ жасыл экономикаға көшу мәселелерін көтерді.Сондай-ақ Өнеркәсіптік өңірлердің экологиялық проблемаларына назар аудару және оларды шешу жолдарын ұсыну үшін форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми қоғамдастық пен бизнестің өкілдері, Парламент депутаттары, сондай-ақ эко және қоғам белсенділері жиналды.
Qarmet компаниясының өкілі қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды ескере отырып, алдағы жылдарға арналған даму стратегиясын таныстырды. Комбинатта қайталама ресурстарды қайта өңдеу бойынша жеке бөлімше құрылды. 2025 жылы өндірісті газдандыру басталады. 2030 жылға қарай шығарындыларды 30–35%-ға азайту жоспарлануда.
Форум қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың және халықаралық ұйымдардың атына жіберілетін нақты ұсыныстары мен ұсынымдары бар қарар дайындалады.
Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев кездесуде өңір экологтарына ведомстволық наградалар табыс етті. Форумға қатысушылар Теміртау мәдениет сарайының жанына ағаш екті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -