Өткен тәулікте Абай облысының құтқарушылары 2 авариялық-құтқару операциясын жүргізді
Кеше тәңертен «112» пультіне Семей қаласының «Юность» шағын ауданында орналасқан көп қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде 3 жасар бала қамалып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері үш иінді баспалдақтың көмегімен 2-ші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, есікті ішінен ашты. Пәтерде 2021 және 2023 жылғы балалар болған, олар ата-аналарына тапсырылды.
Сонымен қатар, күндіз 6-линия көшесінде ашық жатқан құдыққа ит құлағаны жайлы хабарлама түскен. Құтқарушылар альпинистік жабдық көмегімен итті кәріз люгінен алып шығарды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жануар зардап шеккен жоқ.
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -