Өткен тәулікте Атырауда құтқарушылар 12 бас жылқы малын қауіпсіз жерге шығарды
Атырау қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан Қайыршақты ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарының бірінен өткен тәулікте құтқарушылар 12 бас жылқы малын қауіпсіз жерге айдады. Жылқыларды құтқару жұмыстарына ТЖМ 15 құтқарушы, 2 бірлік техника және 3 жүзу құралы жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған шаруа қожалығы Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты топан су ортасында қалған болатын. 21 мамыр күні құтқарушылар осы шаруа қожалығынан 80 бас жылқы малын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстарын жүргізді.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -