ТМД қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері консулдық қызмет басшыларының консультативтік кеңестің отырысы туралы
Мәскеу, 2024 жылғы 19-20 маусым – ТМД қатысушы мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері консулдық қызмет басшыларының консультативтік кеңесінің XXXI-шы отырысы Мәскеу қаласында өтті.
Іс-шараға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, бақылаушы ретінде – Әзербайжан мен Түрікменстанның және ТМД Атқару комитетінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында тараптар консулдық саладағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, ресми құжаттарды талап ету және жолдау бойынша электрондық режимге көшу, консулдық қызметтерді аутсорсинг пен цифрландыру мәселелері бойынша пікір алмасты.
1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы, Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы (Кишинев қ.) Конвенция тәртіптерін орындау шеңберінде өзара әрекеттесу мен ынтымақтасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу нәтижесі бойынша тараптар консулдық қатынастардың барлық бағыттарында жұмысты жалғастыру және тұрақты негізде Конвенциялардың шеңберінде өзара әрекеттесу бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -