ТОО «Ломбард Amanat Gold» лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Түркістан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының 2024 жылғы «04» шілдедегі №12 бұйрығына сәйкес, ТОО «Ломбард Amanat Gold» (бұдан әрі – Ломбард) микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясынының қолданылуы 3 ай мерзімге тоқтатылды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 1-тармағының, 2-тармақшасына сәйкес, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға пруденциалдық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзу негіз болды.
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы, 7-тармағының талаптарына сәйкес, Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұру микроқаржы ұйымының (ломбардтың) микрокредит беру туралы жаңа шарттар жасасуына, оның ішінде микрокредит беру туралы қолданыстағы шарттардың қолданылу мерзімін ұзартуға және микроқаржы ұйымының (ломбардтың) міндеттемелері мен жауапкершілігін, сондай-ақ микроқаржы ұйымының (ломбардтың) міндеттемелері мен жауапкершілігін ұлғайтуды көздейтін оларды өзгертуге тыйым салынады. Қарыз алушы Микроқаржы қызметін жүзеге асыруға лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған микроқаржы ұйымымен (Ломбард) бұрын жасалған микрокредит беру туралы шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындауға міндетті.
Микрокредит беру туралы шарттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар Ломбард клиенттері микрокредит беру туралы жасалған шарттардың талаптарына сәйкес, Ломбард алдындағы міндеттемелердің орындалуын бұзғаны үшін жауапты болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -