TOU ҚЫТАЙМЕН ЫНТЫМАҚТАСАДЫ
Торайғыров университетінде Шыңжаңдағы Тарем университеті делегациясының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны университет хатшысының орынбасары Ю Джун басқарды. Алдымен қонақтарға ToU ауылшаруашылық факультетінің техникалық мүмкіндіктері көрсетілді, содан кейін екі университеттің ынтымақтастық нұсқалары талқыланды.
- Торайғыров университеті әрдайым шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ашық, - деп атап өтті ауыл шаруашылығы ғылымдарының деканы Тоқтар Бексейітов. - Білім беруді жаһандандыру заманауи сын-қатерлерді талап етеді. Бүгінгі таңда тек университет ішінде жұмыс жасау жеткіліксіз, шетелдік университеттермен және экономиканың нақты секторының қатысушыларымен байланысу қажет. Тек сонда ғана біз нағыз білікті мамандар дайындай аламыз.
Тараптар бірнеше бағытта жұмыс істеуге дайын, мәселен, студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығы, магистранттар мен PhD докторанттарын даярлау. Сонымен қатар университет ғалымдары мал шаруашылығы, селекция және тұқым шаруашылығы, топырақ құнарлылығын арттыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу технологиялары бойынша ғылыми жобаларға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -