ТЖ министрі сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қала құрылысы жобаларын келісу функциясын ТЖМ-ге беру туралы айтты
Министр генерал-майор Шыңғыс Әрінов сейсмикалық аймақтағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа жүйелі тәсілдер енгізіліп жатқаны туралы хабардар етті.
«Мемлекеттің, шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың өзара қарым-қатынасын реттейтін сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жеке тарау ретінде енгізіледі. Атап айтқанда, Министрлік пен жергілікті атқарушы органдарға сейсмикалық қауіптілікке бағалау жүргізу өкілеттігі беріледі. Мұнда халықты жер сілкінісінен қорғау және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шаралар көзделеді. Сонымен қатар Министрлікке сейсмикалық, сел және көшкін қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қала құрылысы жобаларын келісу бойынша функция беріледі», - деп ТЖМ басшысы атап өтті.
Заң жобасы шеңберінде мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара қарым-қатынастарын реттеу көзделеді.
Еліміздің республикалық маңызы бар 2 қаласы мен 13 өңірі сейсмикалық қауіпке бейім. Сейсмологиялық жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, жер сілкіністерінің каталогтарын жасайды және сейсмикалық қауіптілікті бағалайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспарда ел аумақтарының сейсмикалық тәуекелін бағалау және жер сілкіністерінен болатын залалды болжау, мониторинг желісін кеңейту, «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша 52 іс-шара көзделген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -