ТЖД бастығы жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды: Астана қаласы, 27 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТЖД бастығы жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданына барды

Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданында болып, бірқатар маңызды шараларды өткізді.

Сапардың маңызды сәттерінің бірі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Аманқарағай ауылындағы №21 өрт сөндіру бекетіне бару болды. Ол үшін құтқарушылар жұмысының жаңа жағдайларымен танысып, жеке құрам мен техниканың төтенше жағдайларға дайындығына көз жеткізу маңызды болды.

Шара аясында Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукеновпен жұмыс кеңесі өтіп, онда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы бірлескен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Лесное ауылындағы Семиозерное және Бағаналы ауылындағы Басаманское орман алқаптарында болып, аумақтарды аралап, өрт сөндіру техникасының жағдайын бағалады.

Жұмыс сапары барысында ТЖД бастығы Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Дидар Тілеубаевпен бірлесе отырып, қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар Диевка ауылына барды. Келесі кезекте департамент бастығы Әулиекөл ауылындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің және Құсмұрын ауылындағы №22 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен кездесті.

Департамент бастығының мұндай жұмыс сапарлары төтенше жағдайларға дайындықтың жоғары деңгейін ұстап тұруда және құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қостанай облысы ТЖД бастығы Дамир Ермағамбетов жұмыс сапарымен Әулиекөл ауданында болып, бірқатар маңызды шараларды өткізді.

Сапардың маңызды сәттерінің бірі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Аманқарағай ауылындағы №21 өрт сөндіру бекетіне бару болды. Ол үшін құтқарушылар жұмысының жаңа жағдайларымен танысып, жеке құрам мен техниканың төтенше жағдайларға дайындығына көз жеткізу маңызды болды.

Шара аясында Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукеновпен жұмыс кеңесі өтіп, онда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы бірлескен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Лесное ауылындағы Семиозерное және Бағаналы ауылындағы Басаманское орман алқаптарында болып, аумақтарды аралап, өрт сөндіру техникасының жағдайын бағалады.

Жұмыс сапары барысында ТЖД бастығы Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары Дидар Тілеубаевпен бірлесе отырып, қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар Диевка ауылына барды. Келесі кезекте департамент бастығы Әулиекөл ауылындағы №15 өрт сөндіру бөлімінің және Құсмұрын ауылындағы №22 өрт сөндіру бекетінің жеке құрамымен кездесті.

Департамент бастығының мұндай жұмыс сапарлары төтенше жағдайларға дайындықтың жоғары деңгейін ұстап тұруда және құтқарушылар жұмысының тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқарады.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар