ТЖД мен Алматы қаласының Қуыршақ театры балаларға қауіпсіздік ережелерін үйретті
1 маусым Халықаралық балалар мерекесі қарсаңында Алматы өрт сөндіруші-құтқарушыларының балалары мемлекеттік қуыршақ театрына барды. Онда ТЖД басшылығы жазғы демалыстағы қауіпсіздік бойынша би және викториналармен қуыршақ шоуын ұйымдастырды. Балалар ата-аналарымен бірге спектаклді қызығып тамашалап, шоудың екінші бөлімінде өрт сөндіруші-құтқарушылардың балалары өнер көрсетті.
«Төтенше» ведомство қызметкерлерінің балалары домбырада ән айтып, би билеп, күйлерін шебер орындады. Ал, қойылымнан кейін балаларды балмұздақ пен естелік фотосуреттер күтіп тұрды. ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев балаларды қорғау күнімен құттықтап, кішкентай көрермендерге қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, балалар мен олардың ата-аналарына жазғы қауіпсіздік акциясына белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, құрмет грамоталары мен сыйлықтар табыс етті.
Өрт сөндірушілер балалардың шығармашылығы қиын жұмыс күндерінен алшақтап, рухани тепе-теңдікке бейімделіп, өздері мен туыстарының көңіл-күйін жақсартуға көмектесті деген пікірімен бөлісті.
«Уақытта пайдалы өткізгеніміз үшін шексіз алғыс айтамыз. Біз балаларымызбен мүмкіндігінше көп уақыт өткізуіміз керек. Бұл біз оларға бере алатын ең құнды нәрсе», - деп атап өтті Қалжаппар Нұржанның 20 жылдық еңбек өтілі бар өрт сөндіруші-құтқарушы жұбайы Қарлығаш Бердахметова.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -