ТЖМ балалар арасында суреттер байқауы өткізілді
Бүгін Орталық астаналық саябақ Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлердің балалары арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Өрт сөндіруші және құтқарушы – балалар көзімен» атты суреттер конкурсын өткізді. Бұл іс-шара дәстүр бойынша жыл сайын өткізіледі.
Іс-шара мақсаты – өскелең ұрпақ арасында тыныс-тіршілік қауіпсіздік мәдениетін насихаттау, ТЖ-ның алдын алу, балаларға ТЖ кезіндегі іс-қимылды үйрету, құтқарушы мамандығын танымал ету.
Іс-шара Төтенше жағдайлар ардагерлер ұйымының және Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясының қолдауымен өтті.
Конкурс барысында аниматорлардың қатысуымен әртүрлі ойындар, жарыстар және билер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, арнайы техникалар мен жабдықтар көрсетілді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -