ТЖМ балалар арасында суреттер байқауы өткізілді
Бүгін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Орталық астаналық саябақта қызметкерлердің балалары арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Өрт сөндіруші және құтқарушы – балалар көзімен» атты суреттер конкурсын өткізді. Бұл іс-шара дәстүр бойынша жыл сайын өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау, балаларға ТЖ жағдайында іс-қимылды үйрету және алдын-алу, құтқарушы мен өрт сөндіруші мамандығын танымал ету.
Іс-шара Төтенше жағдайлар ардагерлер ұйымы мен Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясының қолдауымен өткізілді.
Конкурс барысында аниматорлардың қатысуымен түрлі жарыстар, ойындар және билер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, арнайы техникалар мен жабдықтар көрсетілді. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -