ТЖМ басшысы Парламент Сенатындағы көктемгі су тасқынына дайындық туралы айтты
Бүгін Үкімет сағаты барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында су қауіпсіздігі және алдағы көктемгі су тасқынына дайындық мәселесі қаралды. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов қатысып, су тасқынының алдын алу және халықты қорғау жөніндегі ағымдағы шаралар туралы айтты.
Шыңғыс Әріновтың айтуынша өткен жылғы су тасқынын талдау мен олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды іске асырудан кейін маңызды қорытындылар жасалды, бұл су тасқынының алдын алу бойынша неғұрлым жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік берді. ТЖМ ықтимал су тасқынына инфрақұрылымды дайындау үшін жергілікті атқарушы және мүдделі мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралар орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Су тасқынына қарсы іс-шаралар республикалық және өңірлік бағдарламалық құжаттармен іске асырылады. Осы іс-шараларды іске асыру су басу қаупін барынша азайтуға және елді мекендерді су тасқыны қаупінен қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда елімізде су басу қаупі бар аймақтарда 1 223 елді мекен бар. Жалпы өңірлерде 1 400 су тасқынына қарсы іс–шаралар іске асырылды. Елді мекендерді қорғау үшін 576 километр қорғаныш бөгеттері мен біліктері салынды. 164 километр дренаж жүйесі жөнделді және салынды, 960 автомобиль және темір жолдардың астына су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 658 километр каналдар мен арықтар құрылды, 74 өзеннің қауіпті учаскесінде үш жүзден астам километр тереңдету мен жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендердің ішінде жаңбыр мен дренаж жүйелері жөнделіп, салынуда. Сондай-ақ елді мекендерден қар шығару үшін қауіпсіз полигондар алдын ала анықталған.
Су тасқынын болжау үшін цифрлық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының базасында «TASQYN» су тасқынын болжау және модельдеу жүйесі құрылды, ол қысқа және ұзақ мерзімді перспективада өзен деңгейлері мен су көлемін дәл болжауға мүмкіндік береді.
«Алдағы су тасқыны кезеңіне жедел дайындық мақсатында азаматтық қорғау қызметтерінен жеке құрамның жалпы саны 37 мыңнан астам адам, 13 мыңнан астам техника, 4 096 су айдау және 640 жүзу құралы бар күштер топтамасы құрылды. Министрліктің аумақтық бөлімшелерінен қосымша резервтік топтары дайындалды», - деп министр атап өтті.
Министр құтқару қызметтері кез келген төтенше жағдайларға ден қоюға дайын екенін және жақын арада «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде әзірлікті тексеру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -