ТЖМ «Бекет-2024» ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысуда
2024 жылғы 13-18 мамыр аралығында Павлодар облысының аумағында құқық қорғау және арнайы органдардың қатысуымен «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізіледі. Осы оқу-жаттығулар шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға ден қоюға дайындығын пысықтау бойынша «Қорғау-2024» республикалық штабтық жаттығуын жоспарлады.
Оқыту күрделіліктің әртүрлі элементтерімен нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын жүргізіледі.
ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -