ТЖМ-да Қазақстан халқы тілдер күніне орай дөңгелек үстел өткізілді
2024 жылғы 28 тамыз күні ТЖМ Аппарат басшысының міндетін атқарушы Ерғали Бахаевтың төрағалығымен бейнеконференция байланыс режимінде «Қазақстан халқы тілдер күніне» орайластырылған «Мемлекеттік тіл – менің мәртебем» тақырыбында аумақтық департамент басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, бір біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті ортақ құндылықтарды насихаттау.
Дөңгелек үстелге Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Любовь Абланова мен Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару командалық орталығының бас маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Владимир Сильченко қатысып, мемлекеттік тілге деген құрметі мен мемлекеттік тілді меңгерудегі жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
Іс-шара соңында құттықтау сөздер айтылып, қатысушыларға сыйлықтар табысталды.
ТЖМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -