ТЖМ-да Германия делегациясымен кездесу өтті
6 маусымда Германия Федеративтік Республикасының ғылыми және сараптамалық делегациясымен су тасқыны қаупі мен су басудың алдын алу және оларды жою саласында зерттеу мен тәжірибе алмасу мәселелері бойынша кездесу өтті.
Оған төтенше жағдайлар, су ресурстары және ирригация, ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, Қазгидромет өкілдері қатысты.
Азия Даму Банкінің делегациясы Германияда орын алған және 100-ден астам адам өмірін қиған табиғи апаттың тәжірибесімен, сондай-ақ су басу мен су тасқынына қарсы күрестің өзіндік әдістерімен бөліскен болатын.
Сонымен бірге еліміздің дүлей зілзалалардың ықтимал тәуекелдеріне дайындығын бағалау, қажетті мәліметтерді, оның ішінде дүлей зілзалалардың тарихы туралы мәліметтерді жинау үшін консультация өткізілді.
Уақтылы хабарлау, сондай-ақ әртүрлі табиғи апаттар кезінде халықты оқыту мәселелеріне ең үлкен назар аударылды.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың
алдын алу департаменті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -