Уәкіл кеңсесінің өкілі Астанадағы Қылмыстык-атқару жүйесі мекемелерінің ұжымына түсіндірме жұмыстарын жүргізді
Халық арасында адам құқықтары мен бостандықтары бойынша құқықтық оқу-ағарту жұмыстарын жүргізу аясында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері Астана қаласындағы N3 және N64 түзеу мекемелеріне барды.Айта кету керек, халыққа өз құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін түсіндіре отырып, құқықтық оқыту Президенттің «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.Уәкіл кеңсесінің өкілі Александр Тереня пенитенциарлық мекемелердің қызметкерлеріне құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол қатыгездік үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін, ал азаптауға 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын қызметкерлердің естеріне салды.Бүгінде Қазақстанда «Омбудсмен+» моделі негізінде Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) жұмыс жасайды және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаптауларға қатысты істерді тергеуді тек прокуратура жүзеге асырады. Сонымен қатар, Уәкіл мекемесінің өкілі кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылы сотталғандардың құқықтарын қорғау бойынша атқарған жұмыстары туралы айтып өтті. Мәселен, 2023 жылы сотталғандардан түскен арыздар саны 838-ді құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Шағымдардың басым бөлігі медициналық көмектің сапасыздығы, қамауда ұстау жағдайының нашарлығы және азаптаулар туралы, сонымен қатар басқа түзеу мекемелеріне ауыстыруға қатысты. Келіп түскен шағымдардың әрқайсысы бойынша азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдануда. Соның ішінде ҰАТ топтары 102 рет, ал 2023 жылы жалпы саны 461 рет бас бостандығынан айыру орындарына барып, тексеру жұмыстарын жүргізіп, мемлекеттік орындарға ұсыныстар жолдады. Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілдері 229 рет, ҰАТ өңірлік топтарының қатысушыларымен бірге 19 рет тәуелсіз тексеру жұмыстарын жүргізу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -