Уәкіл кеңсесінің өкілдері Қостанай қаласындағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына» барды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың Қостанай облысына сапары барысында Омбудсмен кеңсесінің өкілдері «Арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығына» барды.
Бүгінде бұл орталықта 36 оқушы тұрады.
Жалпы, балаларға дұрыс күтім жасалып, барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіліп, алты мезгіл тамақ беріліп, демеушілер есебінен тәрбиеленушілерге жиі-жиі экскурсиялар ұйымдастырылатыны атап өтілді.
Сонымен қатар, Уәкіл кеңсесінің қызметкерлері кішігірім бұзушылықтарды анықтады. Құқықтардың сақталуын қадағалау мақсатында балалармен және орталық басшылығымен әңгіме жүргізілді.
Сапар қорытындысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің өкілдері уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жібереді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -