Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі сотталған мүгедектің құқықтарын қалпына келтіруге көмектесті
Сотталған азамат Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкіліне хабарласып, жанындағы ІІ топ мүгедек сотталушының санитарлық жағдайын жақсартуға көмек сұрады.
Жеке қабылдаудан кейін өкіл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық іздестіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне ұсыныс жолдады.
Нәтижесінде қамау орнында пандус, сондай-ақ сотталғандармен тәрбиелік және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жүргізу үшін арнайы бөлме жасақталды.
Сонымен қатар, түзеу орнында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы демалыс бөлме ашылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -