Уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Алакөл уақытша ұстау изоляторында заң бұзушылықтарды анықтады: Астана қаласы, 06 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Алакөл уақытша ұстау изоляторында заң бұзушылықтарды анықтады

Уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Алакөл уақытша ұстау изоляторында заң бұзушылықтарды анықтады

Уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Алакөл уақытша ұстау изоляторында заң бұзушылықтарды анықтады

Кезекті мониторинг аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) болып, ұсталғандардың жағдайларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, бір адамға шаққандағы санитарлық аумақтың нормаға сай келмейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық ахуалға байланысты кемшіліктер әшкереленді. Кейбір камераларда сотталғандардың ұйықтайтын орындары тікелей бетон еденге орналастырылған, төсек-орындары лас болып шықты, кейбір ұсталғандар төсек-орынмен мүлде қамтамасыз етілмеген.

Сондай-ақ қамаудағы адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлердің хабардарлығында кемшіліктер бар.

Тексеру нәтижелері негізінде Уәкіл өкілі берген ұсыныстарды ескере отырып, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі аталған бұзушылықтарды жойды. Уақытша ұстау изоляторының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс жарияланды. Осылайша, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, уақытша ұстау изоляторындағы адамдардың құқықтары қалпына келтірілді.



Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Кезекті мониторинг аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторында (УҰИ) болып, ұсталғандардың жағдайларына қатысты бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.</p> <p>Атап айтқанда, бір адамға шаққандағы санитарлық аумақтың нормаға сай келмейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық ахуалға байланысты кемшіліктер әшкереленді. Кейбір камераларда сотталғандардың ұйықтайтын орындары тікелей бетон еденге орналастырылған, төсек-орындары лас болып шықты, кейбір ұсталғандар төсек-орынмен мүлде қамтамасыз етілмеген.</p> <p>Сондай-ақ қамаудағы адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлердің хабардарлығында кемшіліктер бар.</p> <p>Тексеру нәтижелері негізінде Уәкіл өкілі берген ұсыныстарды ескере отырып, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі аталған бұзушылықтарды жойды. Уақытша ұстау изоляторының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс жарияланды. Осылайша, мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, уақытша ұстау изоляторындағы адамдардың құқықтары қалпына келтірілді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар