В Астане завершился национальный интеллектуальный курс «Кемел жігіт-күйеу бала»
16-17 шілдеде «Жеті қазына» этно ауылында «Бурабай» ұлттық паркінің аумағында «Кемел жігіт-күйеу бала» Ұлттық зияткерлік курсы өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы мен Діндерді зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Курстың мақсаты - Қазақстан халқының тарихын, ұлттық салт-дәстүрлерін түсіндіру арқылы діни экстремизм мен терроризм деңгейін төмендету.
Арнайы бағдарлама бойынша екі күн бойы «Қазақ тарихы мен салт-дәстүрі», «Мақал-мәтелдегі ұлттық тәрбие», «Жігіттің біздің жұрт» атты теориялық дәрістер өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар топтарға бөлініп, дәстүрлі тағамдарды таныстыру, ат әбзелдерімен танысу, атқа міну, садақ ату сынды шеберлік сабақтарына қатысты.
Курс барысында балалар мен олардың ата-аналары діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған фильмдерді тамашалады. Сонымен қатар, балаларының өнерін тамашалауға келген ата-аналарға ұлттық құндылықтарды танытатын танымдық және теологиялық дәрістер ұйымдастырылды.
Шара соңында қатысушыларға сертификаттар және естелік сыйлықтар табыс етіліпті.
Материал Астана қаласының ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалған
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -