«Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығының» төрағасымен кездесті
Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Вайнах «Қазақстан шешендері мен ингуштары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің тең төрағасы Юсуп Келиговпен кездесті. Кездесуде өңірдегі ұлтаралық татулық, этномәдени бірлестіктердің жұмысы туралы сөз болды. Сонымен қатар, Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы сөз болды.
Бүгінгі таңда Абай облысында 50-ден астам этнос тұрады. Өңірде 49 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелері консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіреді. Аймақтағы этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар ретінде әрекет етеді.
Қазіргі уақытта этномәдени бірлестіктердің көпшілігі облыстық Достық үйінің ғимаратында орналасқан. Этномәдени бірлестіктерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық институттары (Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, «Жомарт жан» және этномедиация орталықтары, ғылымыи-сараптамалық тобы, Ассамблея жастары) мен облыстық Достық үйін алдағы уақытта облыстың кешенді даму жоспарына сәйкес салынатын облыстық «Конгресс-холл» ғимаратына орналастыру жоспарланған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -