ВИЦЕ-МИНИСТР ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
25 маусым күні ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Ұлытау облысының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің негізгі нәтижелері туралы ақпараттандырылды. Атап айтқанда, азаматтардың барлық санаттары үшін жоғары білімнің қолжетімділігі, білім беру бағдарламаларының сапасы, жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары, сондай-ақ студенттердің кәсіби даярлығын қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялармен жабдықталу жағдайы қозғалды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында ғалымдардың мәртебесін көтеру, кадрлық әлеуетті нығайту жұмыстары жүргізілгені атап өтілді. Вице-министрдің айтуынша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды, ел экономикасының құрылымына және халықаралық тәжірибеге (ЕО елдері, ЭЫДҰ) назар аудара отырып, ғылымды дамытудың басым бағыттарының тізбесі (7 бағыт) қайта қаралды. Сондай-ақ кездесу барысында өңірдің жоғары оқу орындары мен кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ғылым мен инновация саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ұсыныстар мен бастамалар айтылды.
«Бүгінгі таңда инженерлік кадрларды теңгерімді дайындау сұранысы бар, олар электр энергетикасы, жылу энергетикасы, көлік құрылысы, сумен жабдықтау және басқа салалар бойынша. 2030 жылға қарай елде инженерлік-техникалық салада 460 мыңнан астам кадр қажет болады. Бұл ретте әр өңірде «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында кәсіптердің өңірлік карталары әзірленуде. 2023 жылы жоба 7 облыста жүзеге асырылды. Биыл 10 өңірде жұмыс жалғасады. Сондай-ақ жаңа кәсіптер атласы негізінде 440 жаңа білім беру бағдарламасы енгізілді», - деді вице-министр.
Кездесуден кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Облыс тұрғындары өңірдегі білім мен ғылымды дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Кездесу соңында вице-министр талқылауды қорытындылап, пікірлер мен ұсыныстар қабылданатынын жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -