Вице-Министр энергетики посетил электростанции в г. Экибастуз
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жұмыс сапарымен Екібастұз қаласындағы электр станцияларына барды.
Ағымдағы жылы Екібастұз ЖЭО-да № 15 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу, негізгі және қосалқы жабдыққа ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарлануда. ЖЭО басшылығымен өткен кеңесте 2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңнің өту барысы және алдағы жылыту маусымына дайындық жоспарлары қаралды.
Екібастұз ГРЭС-1 сапары аясында Сұңғат Есімханов қуаты 500 МВт № 1 энергоблокты қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта МАЭС-те № 2 энергоблогы ағымдағы жөндеуде және № 6 энергоблок кеңейтілген-ағымдағы жөндеуде. Жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -