Волейбол: «Ақтөбе» алғаш рет Қазақстан кубогін жеңіп алды
Ақтөбе қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубог
і
ойындары аяқталды.
Финалда алаң иелері мен Оралдың «Жайығы» алтын жүлдені сарапқа салды.
Оралдық клуб «Конденсат» болып аталған кезде Қазақстан кубог
ін
екі рет жеңіп алса, Ұлттық лигаға б
ылтыр
қосылған ақтөбеліктер мұндай табысқа қол жеткізбеген еді.
«Жайықтың» бас бапкері Виктор Козиктің Қазақстан ұлттық құрамасын қоса жаттықтыратыны белгілі. Ал «Ақтөбенің» тізгінін қолына алған Сергей Трикоздың бастауымен Қазақстан жастар құрамасы биылғы Азия чемпионатында бесінші орын алып, алғаш рет 2025 жылғы әлем біріншілігіне жолдама алды.
С.Трикоз соңғы шешуші бәсекеде Айбат Неталин, Дамир Әкімов, Роман Хандролин, Қадырхан Надырханов сияқты тәжірибелі ойыншыларға сенім артса, «Жайық» сапында бүгінгі ойында Орал волейболының түлектері Айдын Әділбеков, Евгений Гоф та қосылды.
Алғашқы екі партияда ақтөбеліктер 25:21, 25:22 есебімен басым түссе, үшіншісінде оралдықтар есепті қысқартты – 25:23. Алайда төртінші сетте «Ақтөбе» жеңіс нүктесін қойды – 25:18. Жалпы есеп – 3:1.
Осылайша, «Ақтөбе» клубы өз тарихында алғаш рет ел кубог
іне
ие болды.
Қола жүлдені «Павлодар» командасын 3:1 (25:17, 19:25, 25:21, 25:18) есебімен тізе бүктірген «Жетісу» (Талдықорған) жеңіп алды
.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -