Қылмыстық атқару мекемелеріндегі бейнебақылау жүйелерін зақымдау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдағы бірқатар маңызды толықтырулардың қатарында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелеріне зақым келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Айта кету керек, өткен жылы Уәкілдің көмегімен бас бостандығынан айыру орындарында, уақытша ұстау изоляторларында және полиция мекемелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу қағидалары бекітілген, ол бойынша «көрінбейтін бұрыштар» 100 пайыз бейнебақылаумен қамтылуы тиіс. Бұл жабық мекемелерде қамаудағы адамдарды азаптау мен қатыгездік шараларын қолданудың алдын алу және сол арқылы олардың құқықтарын қорғау үшін қажет.
Азаптаулар мен қатыгездіктің алдын алуға байланысты реформаларды жүргізу Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі жұмысының маңызды бағыты болып табылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -