Ғылым мен өндірістің өзара байланысы
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Аян Рамазан, Ғылым қорының басқарма төрағасы Камиль Акатов және қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарынан құралған делегация KAZ Minerals тобының өндірістік нысандарында болып, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС бас директоры Джейми Караттимен кездесті.
Тараптар ғылыми зерттеулерді интеграциялау мүмкіндіктерін, өндірістің өзекті қажеттіліктерін және оларды озық ғылыми жетістіктердің көмегімен шешу жолдарын талқылады. Сапар барысында руда өндіретін карьер, бастапқы ұсақтау алаңы, сульфидтік руданы өңдеу фабрикасы және қалдық қоймасы қаралды.
Кездесу ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің тапсырмасы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – ғылыми-техникалық қызметті дамыту үшін басым бағыттарды қалыптастырудың жаңа механизмдерін әзірлеу, нақты экономиканың сұраныстары мен қажеттіліктерін шешу және ғылым мен бизнестің ынтымақтастығын жақсарту.
Кездесудің жалғасы ретінде осы жылдың 5-6 қарашасында Астана қаласында ғылыми-технологиялық Хакатон өтеді. Оған еліміздің жетекші ғалымдары қатысып, компанияның нақты өндірістік мәселелерін шешумен айналысады. Хакатон ғылым мен өндірістің қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған идеялар мен шешімдер платформасы болмақ, сондай-ақ Қазақстанның ғылымы мен өнеркәсібінің дамуына жаңа бағыт береді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -