Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлының Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі
2024 жылғы 8 қарашада сағат 10.00-де Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Жұмаханұлының ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Орал қаласы, Н. Назарбаев көшесі 162, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан университеті мекенжайы бойынша өткізіледі.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы өтініштерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -