Қытай делегациясы ЕҰУ-да болды
Қытай делегациясы ЕҰУ-да болды
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне ҚХР Тяньцзинь кәсіптік институтының президенті У Цзунбао бастаған Қытай делегациясы ресми сапармен келді. Құрамында халықаралық қатынастар департаменті директорының орынбасары МЭН Чжэн, Кәсіби білім беру департаментінің директоры ЛИ Ли, Ақпараттық технологиялар факультетінің профессоры ЛИ Гохуэй бар.
Екі мемлекеттің ертеден қалыптасқан іскерлік және достық қатынастары кездейсоқ құбылыс емес. Қазіргі таңда Қытайдың 20 университетімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылған. Мысалы, Сиань шетел тілдері университеті, Шанхай шетел тілдері университеті, Пекин тіл және мәдениет университеті, Гонконг баптист университеті, Нанкин аудит университеті, Линнан университеті және т.б. Бұл қарым-қатынастың негізгі бағыттары – академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу қызметі, профессор-оқытушылар алмасу, қос диплом бағдарламасы. Қытайдан келген 100-ден астам студент түрлі мамандықтар бойынша білім алуда, - деді университетіміздің ректоры Е.Сыдықов. - Бүгін елімізде Ғылым және технологиялық саясат туралы жаңа заң қабылданды. Президент қол қойған бұл заң ғалымдарға, ғылыми орталықтарға, университеттерге үлкен ғылыммен айналысуға жол ашып отыр.Сондықтан да бұл заңның қабылдануы, біздің саланың жеңісі және жемісі. Ал ЕҰУ базасында Тяньцзинь кәсіптік институтымен бірге Лу Бан зертханасының ашылуы жаңа заңның қабылдануымен сәйкес келуінде үлкен мән бар.
ҚХР Тяньцзинь кәсіптік институтының президенті У Цзунбао жылы лебізін білдіріп, университетпен қарым-қатынас жасауға тілек білдірді және екіжақты білім-ғылымды дамытуға, Гумилев атындағы ЕҰУ базасында Тяньцзинь кәсіптік институтымен бірге Лу Бан цехын құру туралы меморандумға қол қойды.
Бұл меморандумда құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, бағыт бойынша орнату, ТПИ мамандарын оқыту қарастырылған.
ЕҰУ өз кезегінде цех ашуға арналған үй-жайларды, оқу жиһаздарын және безендіруді, кедендік ресімдеуді және Қазақстандағы тиісті жабдықтарды тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -