ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ NU-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА МҮДДЕЛІ: Астана қаласы, 23 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТТЕРІ NU-МЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА МҮДДЕЛІ

Қытайдың беделді Nanjing University and Tsinghua University басшылығы мен студенттері NU кампусымен, жоғары технологиялық зертханаларымен танысып, университет басшылығымен кездесті.

NU 1902 жылы негізі қаланған Қытайдағы беделді университеттердің бірі Нанкин университеті (Nanjing University - NJU) делегациясын қабылдады. Кездесу екі жетекші университет арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Нанкин университеті кеңесінің төрағасы, NJU-ның жасанды интеллект және кескінді өңдеу саласындағы жетекші сарапшысы профессор Тьеню Тан бастаған делегация құрамы NU кампусын аралады, сондай-ақ ғалымдар мен зерттеушілер арасында талқылаулар өтті. Тараптар университеттер арасындағы ынтымақтастық үшін әлеуетті бағыттарды студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламаларын ілгерілетуден бастап, өзара қызығушылық тудыратын салалар бойынша бірлескен зерттеу жобаларын бастауға дейін талқылады.

NU және NJU өкілдері әртүрлі пәндер бойынша білім алмасуға және студенттер мен оқытушылардың білім беру және зерттеу тәжірибесін байытуға мүмкіндік беретін ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға ұмтылады.

Нанкин университеті кеңесінің төрағасы, профессор Тьеню Тан: «Кампустағы мүмкіндіктер бізді шынымен таңқалдырды. Озық технологиялар мен ресурстарды біріктіру оқытушыларға да, студенттерге де олардың жетістікке ұмтылуына қолдау көрсетеді. Біз болашақ ынтымақтастықты күтеміз және осы көрнекті мекеменің одан әрі дамуын тілейміз», - деді.

Сонымен қатар ғылыми жобаға қатысатын Цинхуа университетінің 12 студенті NU кампусымен танысты. Кампус-тур барысында студенттер университет мектептерімен, кітапхана және электронды микроскопия зертханасың жұмысымен танысып, сонымен қатар Цифрлық киіз үйдегі ғарышты зерттеу туралы қызықты бейнероликті тамашалады.

Цинхуа университетінің PhD докторанты Лян Шен университет жайлы өз пікірімен бөлісті. «Маған NU-ға жасаған сапарым өте ұнады. Мені қоршаған орта және химиялық инженерия саласындағы жетістіктер туралы құнды мәліметтерден басқа, NU кампусы қызықтырды. Зертханалар өте жақсы жабдықталған. Университетте әртүрлі оқу кабинеттері бар, мұндай тамаша жағдайлар студенттердің мақсатты жұмыс істеуіне көмектеседі», - деді ол.

Бұл сапар халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасу үшін көпір бола алады. Ұзақ мерзімде бұл NU мен Қытайдың басқа университеттері арасындағы тиімді болашақ ғылыми серіктестікке жол ашуы мүмкін.

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар