Қытайдағы халықаралық сауда қызметі көрмесінде Қазақстанның ұлттық стенд ашылды
Қытайдың Бейжің қаласында 12 қыркүйекте басталған Халықаралық қызмет көрсету саудасы көрмесінде (CIFTIS) ұлттық стенд ашылды. ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бастаған делегация Бейжің қаласында өткен сауда қызметі бойынша жаһандық саммитке және CIFTIS көрмесіне қатысты.
Делегация құрамында Сауда министрі Шаққалиевпен бірге Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері болды. Сондай-ақ, ашылу рәсіміне Бейжің қаласы Халық үкіметі парткомының хатшысы Инь Ли, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсян, Грузия Премьер-Министрінің орынбасары, халықаралық ұйымдарының басшылары, Ливан, Аргентина, Сауд Арабиясы елдерінің құзырлы министрлері қатысты.
Саммитке қатысушылар халықаралық ынтымақтастық және әлемдік экономиканың өсу мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. ДСҰ статистикасына сәйкес әлемдік қызмет көрсету экспорты 2013-2023 жылдар аралығында орта есеппен 4,9%-ға өсті, бұл тауарлар экспортының өсу қарқынынан шамамен 2 есе артық. Қытай көрсетілетін қызметтер саудасын сыртқы әлем үшін жоғары деңгейдегі ашықтықты кеңейту және сыртқы сауданы дамыту үшін маңызды деп қарастырады. 2023 жылы Халықаралық сауда орталығының деректері бойынша ҚХР қызметтерінің сыртқы саудасының көлемі өткен жылы 933,1 млрд. АҚШ долларын құраған.
Қытайдың Бейжің қаласында 12 қыркүйекте басталған Халықаралық қызмет көрсету саудасы көрмесі (CIFTIS) 16 қыркүйекке дейін жалғаспақ. Осы саммит аясында әлемнің 13 елінен 85 астам мемлекет пен халықаралық ұйымдар стендтерді ұсынды. Оның ішінде Франция, Португалия, Нигерия, Қазақстан алғаш рет ұлттық стендтер ұйымдастырып отыр. Көрме 12 негізгі саланы қамтыған. Оның ішінде қаржы қызметтері, туристік және ойын-сауық қызметтері, денсаулық сақтау, білім беру және т.б.
Бұл көрмеде Қазақстанның 15 ұлттық және жеке меншік компаниясы өз жетістіктерімен бөлісуде. Олар Қытайдағы «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «KazakhExport» АҚ-ның Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігін қоса алғанда, «Air Astana» АҚ, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ, «Alpha Sky» ЖШС, «ABEC GROUP» ЖШС, «Ami Corp» ЖШС Шанхай филиалы, «Қазақстанның астық консорциумы» ЖШС, Rocket Tech, «Diplomat Apartment Hotel» ЖШС, DOSCAR GROUP және «MP Solutions» ЖШС.
Бейжіңдегі халықаралық қызмет көрсету саудасы көрмесін аралап шыққан Сауда және Интеграция министрі А. Шаққалиев алдымен қазақстандық ұлттық стендке бас сұқты.
Көрме жаңа іскерлік байланыстарды орнату, инвестициялар тарту және қазақстандық тауарлар мен қызметтерді халықаралық аренада ілгерілетуге мүмкіндік береді.
«Бүгінгі күні қызмет көрсету саудасының ауқымы орасан зор және шексіз. CIFTIS көрмесі әлемдік қызмет көрсету нарығын біріктіруге және интеграция мен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бірегей платформа болып табылады. Қазақстан көрмеге ұлттық стендпен алғаш рет қатысып отыр. Соңғы жылдары біздің қызмет көрсету секторымыз экономикамызды әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп, сенімді өсу қарқынын көрсетуде, ол біздің ЖІӨ-нің 53%-ын құрайды. Бұдан басқа, біз цифрлық қызметтерді, ақпараттық технологияларды, жасанды интеллектті, заттарды автоматтандыруды және интернетті дамытуда орасан зор әлеуетті көріп отырмыз, білім беру мен туризм де маңызды бағыт болып табылады», - деді Арман Шаққалиев Бейжіңде өткен Халықаралық қызметтер саудасы көрмесінің (CIFTIS) ашылуында сөйлеген сөзінде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -