Қызылорда облысында өрт сөндіру бекеті ашылды
Қызылорда облысының әкімдігі өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру жоспарын бекіткен болатын. Осыған орай Сырдария ауданының Ақжарма және Шіркейлі ауылдық округтерінде өрт сөндіру бекеттерін құру белгіленген.
Сырдария ауданының әкімі Берік Сәрменбаев қатысуымен Шіркейлі ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды.
Аталған өрт сөндіру бекеті арнайы өрт сөндіру көлігімен, ерікті өрт сөндірушілермен жабдықталған. Бекет 3 мыңға жуық халқы бар елді мекенге қызмет көрсететін болады.
Қызылорда облысы ТЖД
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -