ҚЫЗЫЛОРДА ТАЛАПКЕРЛЕРІНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Арал ауданына ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің проректоры Жандос Базартай мен «Heriot-Watt» университетінің өкілдері келіп, биылғы бітіруші түлектерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Олар талапкерлердің ЖОО-на оңтайлы әдіспен құжат тапсыруы, мамандық таңдау, грант бөлінісі мен оған түсу ықтималдығына өз бетінше анализ жасау және мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі кеңестер туралы айтып берді. Сондай-ақ шетелге шықпай-ақ халықаралық диплом алудың жолдары түсіндірілді.
Жиынға бітіруші түлектермен қатар мектеп директорлары, орынбасарлары және ата-аналар қауымы қатысып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Талапкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары ертең, 21 маусым күні, Жаңақорған, Шиелі аудандарында жалғасын табады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -