ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚАН ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТҚА КӨШТІ
Бұған дейін ол өндірістік алаңдардың тапшылығы сезілген облыстық көпбейінді медициналық орталықта орналасқан болатын.
Жыл сайын өңірдің 10 мыңнан астам тұрғыны донорлық қан тапсыратынын айта кеткен жөн. Орталық медициналық ұйымдардың талаптарына сәйкес қан компоненттерінің 17 мыңнан астам дозасын дайындауды жоспарлап отыр.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова қан орталығының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде мемлекеттің тарапынан жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту саласындағы шараларды атап өтті.
Ол қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру жалғасып жатқанын еске салды. Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу және аудандық орталық ауруханаларды жаңарту көзделген.
Іс-шара шеңберінде өңірдің медицина автопаркі де жаңа көліктермен толықтырылды. Медициналық мекемелердің басшыларына салтанатты жағдайда 70 санитариялық автокөліктің кілттері табысталды. Жаңа машиналар облыс халқының қажеттіліктері үшін 11 медициналық ұйымда қызмет ететін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -