Заң жобасына өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша норма енгізілуде
ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту шараларын жеткізді.
ТЖМ қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандыруды келісу бойынша өкілеттіктер беріледі.
Осыған байланысты Заң жобасына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын келісу бойынша өкілеттіктер беру және оны уақтылы орындау жөніндегі ұйымдардың міндеті бойынша түзетулер енгізіледі.
Жиынтық жоспарда ескірген және тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыру, сондай-ақ заманауи техниканы енгізу жөніндегі ақпарат қамтылатын болады. Жиынтық жоспарды келісу өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға өзінің нормативтік қызмет мерзімін өтеген, істен шығу қаупі жоғары техникалық құрылғыларды жаңарту мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Жалпы бұл шаралар өнеркәсіптік кәсіпорындарда авариялар мен инциденттердің туындауын азайтуға және соның салдарынан қауіпсіз еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған», - деп министр атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -