ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ҚЫТАЙ ТІЛІ ОҚЫТЫЛАДЫ
ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ-ДА ҚЫТАЙ ТІЛІ ОҚЫТЫЛАДЫ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен Қытай Халық Республикасы Шыңжаң педагогикалық университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ресми құжатқа сай аталмыш оқу орнында қытай тілін үйрету курстары ұйымдастырылмақ. Оқу орын басшыларының ресми кездесуі барысында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру ісі кеңінен талқыланды. Халықаралық зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыру, қытай тілін үйрету курстарын ұйымдастыру мүмкіндіктері, осы бағыттардағы бірқатар іс-шаралар жоспарланды.
Қазақстандық делегация мен Сиань халықаралық зерттеулер университеті (Xi’an International Studies University) ректоры У Яову, проректор Цзян Яцзюньмен өткен нәтижелі кездесу барысында білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын өзара тиімді шарттар бойынша ұйымдастыру, қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдері бойынша бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды талқылады.
Нәтижесінде оқытушылар қазақ және қытай тілдерін оқыту бағытындағы білім беру бағдарламалары аясында белгілі бір академиялық кезеңге өзара алмаспақ. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының гранттары шеңберінде Сиань халықаралық зерттеулер университетінде білім алуға Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ білім алушыларына арнайы 10 квоталық орын ұсынылды.
Ал Вэньчжоу университетінде жалғасқан кездесуде ортақ мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді. Сондай-ақ Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті Шань Вэньхуа білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, жазғы мектеп аясында өзара маман алмасуға ниет білдірді. Докторанттарға бірлескен ғылыми жетекшілік жасау, ғылыми зерттеулерді бірлесіп жүзеге асыру және жоғары білім мен ғылым саласындағы басқа да ынтымақтастық мәселелері қозғалып, ортақ жұмыс тобы құрылмақ.
Делегацияның Қытайға ресми сапары аясындағы кездесулер нәтижесінде халықаралық аренадағы беделді серіктестер қатары тағы да артып отыр. Айта кетерлігі, Қытаймен арадағы ынтымақтастық өткен жылы Жібек жолы университеттері Альянсына мүше болуымен орнаған болатын.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -