Өзбекстан азаматы шекарадан есірткі алып өтпек болған
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды.
«Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылды.
Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды.
Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.
Сот сараптамасының нәтижесі бойынша тәркіленген зат салмағы 1,26 гр. психотроптық метамфетамин гидрохлориді болып шықты.
Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды. Есірткі заттарын сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -