Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етті: Астана қаласы, 02 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Өзбекстанның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етті

Астана, 2024 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Бахтиёр Ибрагимовтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Е. Қоныспаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Сұхбат барысында мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-өзбек қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шығарылғаны аталып өтті. Осы тұрғыда тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған халықаралық іс-шаралар кестесін қарады.

Кездесу соңында Өзбекстан Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, достық пен тату көршілік рухында Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.

Ақпарат көзі: Министерство иностранных дел Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астана, 2024 жылғы 2 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Бахтиёр Ибрагимовтан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Е. Қоныспаев Елшіні тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

Сұхбат барысында мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-өзбек қатынастары өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейіне шығарылғаны аталып өтті. Осы тұрғыда тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтудің жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған халықаралық іс-шаралар кестесін қарады.

Кездесу соңында Өзбекстан Елшісі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, достық пен тату көршілік рухында Қазақстанмен жан-жақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.

Аймақтағы жаңалықтар