Зеренді ауданында бірегей жәдігер - аспалы қола айна табылды
Ақмола облысы мәдениет басқармасы «Жошы Ұлысының 800 жылдығы» және ҚР Конституция күніне орай 2024 жылдың 19 тамызы мен 23 тамызы аралығында археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Зеренді ауданы Васильковка ауылының оңтүстік-шығысында, Шағалалы өзенінің бойында орналасқан орта ғасырларға жататын Алтынтау IX қорымында археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде мойынға тағатын аспалы қола айна табылды.
Аталмыш экспедицияға археолог, Евразия ұлттық универсетінің археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы Данияр Тілеуқабылов, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» директоры Жасұлан Үкеев, ақын, өлкетанушы – журналист Алмас Темірбай және Евразия ұлттық университетінің магистранттары: Мұса Рысбергенов, Сулейман Тлекишев, Әмір Тагленов, Артур Мухаметзянов және Өзен орта мектебінің мұғалімі Шынболат Оралов шәкірттерімен қатысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -