«Ізгілік шыршасы»: астаналықтар ерекше балалардың тілектерін орындай алады
Елорданың Алматы ауданында «Ізгілік шыршасы» акциясы басталады, онда қаланың әрбір тұрғыны ерекше балалардың тілектерін орындай алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Акция ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр науқастарға, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған отбасыларда тұратын ерекше балалардың тілектерін орындауға бағытталған.
Тілек карталарын мына мекенжай бойынша алуға болады: Абылай хан даңғылы, 40, SOS Астана қаласының балалар ауылы.Науқан 28 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -