Жұмыс сапарымен Алматы облысы ТЖД-ға бару
2024 жылғы 14 тамыз күні Алматы облысы ТЖД жұмыс сапарымен ТЖМ аппарат басшысының міндетін атқарушы Ерғали Бахаев келді.
Делегация аумақтық бөлімшеде болып, Қонаев қаласындағы өрт сөндіру бекетін құрудың пилоттық жобасымен, сондай-ақ Қонаев қаласының өрт сөндіру бөлімімен және жедел-құтқару жасағының жабдықтарымен және жарақтандырылған техникасымен танысты.
Дағдарыс жағдайлардағы басқарманың жұмысы, күштер мен құралдарды тарту жоспарлары, сондай-ақ теле- және радиобайланыс тетігі де назардан тыс қалмады.
Сапар барысында ТЖД жеке құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, Департамент қызметкерлерінің жол қозғалысы ережелерін және қызметтік-әскери тәртіпті сақтауы мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасылық-тұрмыстық ахуалға да ерекше назар аударылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -