Жаңа форматтағы Бюджет кодексі және жаңа бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі қағидалары, қағидаттары мен тетіктері тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
2024 жылдың 16 тамызы күні Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастамасымен басқармалардың, қалалар мен аудандардың басшылары, орынбасарлары мен мамандары үшін «Бюджет кодексі жаңа форматта. Бюджет қаражатын стратегиялық және жобалық басқару. ЖАО-ның үнемді және жауапты бюджеттік саясат» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар спикері экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының аудиторы, Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері, заң сарапшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы аудиторлар алқасы басқарма төрағасының орынбасары, жобалау менеджері және тәуекел үйлестірушісі - Лязат Оралтайқызы Жұманқұлова.
Семинар барысында жаңа бюджет жүйенің жұмыс істеуінің негізгі қағидалары, қағидаттары мен тетіктері талқыланды, жергілікті атқарушы органдардың үнемді және жауапты бюджет саясаты, олардың бюджет қаражатын қалыптастырулары және пайдаланулары түсіндірілді, Бюджет кодексінің жаңа форматы айтылды, блоктық бюджет ұғымы қалыптастырылды. Индикативті бюджеттен толыққанды үш жылдық жоспарлауға, стратегиялық, жобалық басқаруға, өтінімдер мен бюджеттік бағдарламаларды интеграциялауға көшу бойынша бағыттар берілді. Сондай-ақ, бюджеттік есеп, қаржылық есептілік және бюджеттік жоспарлау ашық және қол жетімді болу керектігі атап өтілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -