Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды: Ақтөбе облысы, 05 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан баяндама жасады. Оның сөзінше, Ақтөбе өңірінде жаңа оқу жылына дайындық қызу. Биыл 433 мектепте 180 мыңнан астам бала оқиды, оның ішінде мектеп табалдырғын аттайтын оқушылар саны 18 мыңнан асады. Оқушыларға оқулықтар сатып алуға қажетті қаржы бөлініп, баспалармен келісімшарт жасақталған. Оқулықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызды құрайды. Барлық сатып алынған кітаптар 20 тамызға дейін жеткізілмек.

«1-4 класс және арнайы санаттағы отбасы балаларына тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға тиісті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.  1 қыркүйектен бастап  79 590  оқушы тегін тамақтанады. Жыл сайын жаңа оқу жылының алдында  әлеуметтік осал отбасы балаларына көмек көрсетіледі. Биылғы жылы 17 543 баланың ата-аналарының есеп шоттарына қаржылай көмек аударылады. Бұл мақсатқа 761,4 млн. тг. бөлінді», - деді басқарма басшысы.

Облыста оқушы орындарының тапшылығын және апатты мектептерді жою, үш ауысымды оқыту мәселесін шешу мақсатында жаңа мектептер салынып жатыр. Басқарма дерегінше, жаңа оқу жылына дейін 3 800 орындық 6 мектеп пайдалануға беріледі. Білім күнінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында да білім ордасы есігін айқара ашпақ.

Су тасқынынан зақымданған 14 білім нысанының алтауына жаңа құрылыс, сегізіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бүгінгі күні біреуі жөнделсе, тағы жетеуінде жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толық аяқталады. Жаңа бес нысанды салу үшін Үкімет резервінен 6,2 млрд. теңге қаражат бөлінді. Ырғыз ауданы Нұра ауылындағы мектеп жеке кәсіпкер қаражаты есебінен салынуда, құрылыс жұмыстары басталды.

Жайлы орта қалыптастыру үшін өңірдегі 48 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 8,0 млрд. тг. бөлінді.

Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті күшейту үшін облыстың барлық мемлекеттік мектептері, балабақша мен колледждері бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы білім ордаларына «Алақан» бірыңғай жүйесін енгізуге қаражат бөлініп, жабдықтарды қондыру жұмыстары басталды.  Жүйені жаңа оқу жылына дейін іске қосу жоспарлануда.

Өңір басшысы жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін нысандардың құрылысын сапалы әрі уақытылы тапсыру қажеттігін, мектептердегі қауіпсіздік мәселесін басты назарда ұстау керектігін еске салды. Полиция департаменті, білім басқармасы, қала және аудан әкімдері бұл мәселені жіті бақылауда ұстауы тиіс.

Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар