Жаңа тағайындау
Облыс әкімінің өкімімен Қарасу аудандық мәслихатының келісімі бойынша Қайрат Темірханұлы Оспанов Қарасу ауданының әкімі болып тағайындалды.Қайрат Темірханұлы 1978 жылы Қостанай облысы Таран ауданында дүниеге келген. А. Байтұрсынов атындағыҚостанай мемлекеттік университетін Құқықтану, Қаржыбакалавры мамандықтары бойынша бітірген, сондай-ақХалықаралық бизнес университетін іскерлік әкімшілендіру(магистр) мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 1998 жылы Таран ауданының"Қайранкөл" кәсіпорнында заң кеңесшісі болып бастаған.1999 жылдың желтоқсанынан 2003 жылдың наурызынадейін Таран ауданы мен Қостанай қаласының әртүрлікәсіпорындарында заң кеңесшісі болып жұмыс істеді. Бұдан әрі Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты болды.2013 жылдан 2016 жылға дейін Қостанай облысы әкіміаппаратында мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысыболып жұмыс істеді.2016 жылдан 2020 жылға дейін "Алматы қаласын дамытуорталығы" АҚ, "ЗаңгерКонсалтинг" ЖШС және "Тобыл"ӘКК басшылық қызметтерін атқарды. 2020 жылдың тамызынан 2022 жылдың ақпанына дейінҚостанай облысы әкімдігінің жерді пайдалану мен қорғаудыбақылау басқармасының басшысы қызметін атқарды.2022 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін ауылшаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Қостанай облысы бойынша жер ресурстарынбасқару департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -