«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: биыл өңірде жаңа 12 мектеп пайдалануға беріледі
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев пен Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев Алтын Орда тұрғын алабындағы 2000 орындық, Жаңақоныс-2 тұрғын алабындағы 600 орындық және Мәртөк ауданы Сарыжар ауылындағы 300 орындық мектептің құрылыс барысын бағамдады.
Нысандарда құрылыс қарқынды. Құрылысшылары ғимараттың іштерін әрлеп, инженерлік желілерді төсеген. Мердігерлерге ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын толық аяқтау, инженерлік желілерге қосылу, іргелес аумақты абаттандыру және т.б жұмыстар тапсырылды.
Мектептердің құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында қолға алынды. Биыл, жыл соңына дейін жоспар бойынша жалпы саны 12 «жайлы мектеп» халық игілігіне берілуі тиіс. Тағы екі білім ордасында жақын күндері сабақ басталады.
Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -