Жайсаңбай ауылына көлік қатынасы қалпына келтірілді
Жолды қалпына келтіру жұмыстарына 5 бірлік техника және 35 адам жұмылдырылды.
Ырғыз ауданындағы ауданаралық маңызы бар «Ырғыз-Жайсаңбай» бағытындағы автокөлік жолына ұзындығы 25,40 метрді құрайтын 7 суағар құбыры салынған.
«Осыған дейін жолдың жағдайын айтып, жанайқайымызды жеткіздік. 4 ай бойы ауылға қатынау қиын болған еді. Бүгін міне, жол пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстардың қорытындысын көріп отырмыз. Біз сұрағандай екі жерден бөгет салынды. Қатынастың реттелгеніне қуаныштымыз. Барлық осы жұмыстарға атсалысқан азаматтарға, басшыларға алғысымызды айтамыз» - деді өз қуанышын жеткізген ауыл тұрғыны Қоныскүл Қосыбекова.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -