Жамбыл ауданы, Аса ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр
2 тамыз күні Жамбыл ауданы, Аса ауылының аумағында терроризмге қарсы Жамбыл аудандық жедел штабымен «Аса-Антитеррор-2024» оқу-жаттығуы өткізілуде.
Аталған іс-шараның мақсаты - құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты аудан тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жамбыл облыстық жедел штабы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -