Жамбыл облысында Республика күніне орай салтанатты жиын өтті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев 25 қазан – Республика күні Ұлттық мерекесіне арналған салтанатты жиынға қатысты.
Алдымен әскери оркестр Мемлекеттік Әнұранды жиналған көпшілікпен әуелете шырқады.
Бұдан соң облыс әкімі жамбылдықтарды айтулы мерекемен құттықтады.
Ербол Қарашөкеев өз сөзінде қадірі мен қасиеті бөлек, ұғымы ұлы мерекенің тарихы, саяси және тәрбиелік мәні тереңде жатқанын айта келе, ел ертеңі үшін тер төкккен аға буын өкілдеріне алғыс білдірді. Жұртшылықты Президент тапсырмалары аясында өңірде жүзеге асып жатқан жарқын жобалар мен толымды тірліктер туралы хабардар етті.
Мерекеге орай және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты марапаттап, құрмет көрсетті.
Президент Жарлығына сәйкес бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырылды. Атап айтқанда, ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» сынды құрметті атақтары берілді.
Ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін түрлі этнос өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік марапаттарына ие болды.
Бұдан бөлек, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы» атағы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, өңір басшысының Құрмет грамотасы салтанатты түрде тапсырылды.
Мерекелік кеш соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -