Жамбыл облысында су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
Облыста жаз мезгілі келіп жетпей-ақ ыстық күндер басталады. Адамдар аптап ыстықтан демалуға, салқын суға шомылуға болатын жерлерге демалуға тырысады. Дегенмен, өздеріңіз білетіндей, су да қауіп төндіреді. Сондықтан әркім қауіпсіздік шараларын сақтауы және әртүрлі күтпеген жағдайларға дайын болуы керек.
Осыған байланысты, профилактика мақсатында ТЖД қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша халық арасында рейдтік және түсіндіру іс-шараларын жүргізуде. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс басқармасының офицерлері тұрғындар мен балық аулауды жақсы көретін кісілерге шомылу және балық аулау кезіндегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін түсіндіріп, әңгімелер жүргізеді және жадынамалар таратуда. Осындай іс-шаралар облыстың барлық аудандарында өткізіледі.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -