Жамбыл облысында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді
«Жер-2024» оқу-жаттығуына жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, Жамбыл облысының азаматтық қорғау қызметтері, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері, полиция департаменті, ҚР ІІМ НГ 5513 әскери бөлімі, сондай-ақ Қызыл Жарты Ай Ұлттық қоғамының филиалы қатысты.
Оқу-жаттығу облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің басшылығымен өткізілді.
Оқу екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нен жойқын жер сілкінісі қаупі бойынша ақпараттары алынды.
Екінші кезеңде – оқу-жаттығу барысында қабылданған шешімдердің негізінде ТЖД жедел топтары, жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жағдайды барлау және бағалау жүргізді.
Көрме жаттығулары Тараз қаласында ұйымдастырылды. Практикалық іс-шаралар басталар алдында жалпы облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізілді, оған тұрғындар мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу кезінде ТЖД құтқару бөлімшелері өрт ошақтарын жойып, үйінділерді бөлшектеді. Кинологиялық есептеулер үйінділерден зардап шеккендерді іздеу мәселелерін пысықтады, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетті және зардап шеккендерді келген жедел медициналық жәрдем бригадаларына тапсырды. Шатырлы қала мен далалық госпиталь құрылды. Психологтар психологиялық көмек көрсетті, Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге қажетті заттарды таратты. Сондай-ақ, газбен жабдықтауды, электр беру және байланыс желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша оқу-жаттығуға барлығы 800-ден астам адам және 200-ге жуық техника жұмылдырылды.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -