Жамбыл облысындағы табиғи өрт оқшауланды
4 маусымда күндіз «Қазавиаорманқорғау» РМҚК патрульдік тікұшағымен аэровизуалды барлау барысында Сарықоба орманшылығының аумағында өрт анықталды.
5 маусымда таңертең өрт 1800 га жалпы алаңда оқшауланды. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Техникамен өрт ошағының периметрін жырту жалғасуда, қарапайым аспаптар мен рюкзак бүріккіштерін пайдалана отырып локальды ошақтар мен түтін көздерін сөндіру жүргізіледі. Сөндіру жұмыстары өрт толық жойылғанға дейін жалғасатын болады. «Қазавиаорманқорғау» РМҚК патрульдік тікұшақтары барлау жүргізеді.
Өртті сөндіруге орман шаруашылығынан 167 адам және 39 бірлік техника, «Қазавиаорманқорғау» РМҚК тікұшағы жұмылдырылды. Жамбыл облысы ТЖД 84 адам және 9 техника жіберілді. Сонымен қатар Алматы, Шымкент қалалары ТЖМ топтары мен Қазавиақұтқарудың 2 әуе борты дайындыққа келтірілді.
Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -